каз

рус

англ

12.12.2017 2017 жылдың 8 желтоқсанында «KING» АҚ қызметкерлері «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетикалық кешені қауымдастығы «ROTOBO» жапон сауда қауымдастығымен бірлесіп ...

 

11.12.2017 «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ ҚМГИ АҚ Директорлар кеңесінің шешімінің негізінде, жалпы сомасы 6 048 000 000 (алты миллиард қырық сегіз миллион) теңгеге ірі мәміле жасағаны туралы хабарлайды.

 

15.09.2017 жылы «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ базасындағы № 96 «Кеме жасау және теңіз технологиялары» Техникалық комитетінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы мемлекеттік стандартау жоспарына сәйкес әзірленген кеме жасау саласындағы ұлттық стандарттар жобаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Жаңалықтар

„Қазақ мұнай және газ институты“ АҚ-ы (бұдан әрі „ҚМГИ“ АҚ, институт немесе ҚМГИ) Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібі мен энергетикасында күрделі инженерлік жобаларды, ғылыми және сараптамалық қолдау және жобаларды басқаруды жүзеге асырады.

„ҚМГИ“ АҚ - Қазақстан Республикасының ең ірі және табысты инженерлік-жобалау ұйымдарының бірі. ҚМГИ тұжырымдамалық жобалаудан бастап, жұмыс құжаттамаларын әзірлеуге, бейімдеуге және үйлестіруге, жабдықтауға және құрылысты басқаруға, ғылыми-техникалық құжаттаманы дамытуға және ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) дейін жобаның барлық сатыларындағы кез-келген күрделіліктің міндеттерін іске асыратын мемлекеттік секторда да, жеке тұтынушылардың да көптеген сапалы инженерлік қызметтерін ұсынады. 500-ден астам ҚМГИ қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесі әр түрлі салаларда, ең алдымен, мұнай-газ секторында және энергетикада сұранысқа ие. Компанияның қызметкерлері тәжірибе мен қажетті дағдылармен қатар, ең заманауи техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Осының бәрі компанияға сапаның ең жоғары деңгейіне кепілдік беруге мүмкіндік береді, бұл біздің тұтынушыларымыз тарапынан расталған - ҚМГИ соңғы онжылдықтарда іс жүзінде барлық маңызды мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға қатысты.

Copyright © 2015 JSC "Kazakh Institute of Oil and Gas"