каз

рус

англ

 

23.05.2017 Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (одан әрі – ҚМГИ АҚ) ҚМГИ ҚМГИ АҚ Директорлар кеңесінің 22.05.2017 жылғы шешімінің негізінде (№13 хаттама), жалпы сомасы 4 573 733 000,00 (төрт миллиард бес жүз жетпіс үш миллион жеті жүз отыз үш мың) теңгеге ірі мәміле жасағаны туралы хабарлайды.

Жаңалықтар

 

12.04.2017 «Қазақ мұнай және газ институты» Акционерлік қоғамы 2017 жылдың 14 наурызынан 12 сәуірге дейінгі аралықта, көшпелі верификациялық аудиті бойынша «Самұрық-Қазына  Контракт» ЖШС-нің біліктілігі бойынша алдын-ала іріктеуден сәтті өтті, нәтижесінде ҚМГИ АҚ біліктілік критерийлер талаптарына сәйкес келетіні мойындалды және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры компания топтарының әлеуетті жеткізушілерінің тізіміне енгізілді.

 

04.01.2017 «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (одан әрі – ҚМГИ АҚ) ҚМГИ ҚМГИ АҚ Директорлар кеңесінің 04.01.2017 жылғы шешімінің негізінде, жалпы сомасы 4 278 281 000 (торт миллиард екi жүз жетпіс сегіз миллион екі жүз сексен бір мың) теңгеге ірі мәміле жасағаны туралы хабарлайды.

 

05.04.2017 «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (одан әрі – ҚМГИ АҚ) ҚМГИ ҚМГИ АҚ Директорлар кеңесінің 05.04.2017 жылғы шешімінің негізінде (№8 хаттама), жалпы сомасы 4 301 281 000 (торт миллиард үш жүз бір миллион екі жүз сексен бір мың) теңгеге ірі мәміле жасағаны туралы хабарлайды.

 

22.09.2016 «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның ұжымы, Бас директордың кеңесшісі Аманғали Нысанғалиұлы Нысанғалиевты құрметті марапаттауымен құттықтайды.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде, Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі  орталық комиссия қызметінің 20 жылдығына арналған мерекелік жиналыс өтті.

Іс-шара аясында, Қазақстанның көмірсутекті ресурстарын тиімді қолдану үрдістерінде Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссияның маңызды рөлі аталып өтті және оның қызмет істеуіне маңызды үлесін қосқан Комиссия мүшелеріне арнайы құрметті белгілермен марапаттау өткізілді.

Марапатталғандардың ішінде – «ҚМГИ» АҚ Бас директорының кеңесшісі Нысанғалиев А.Н.  Аманғали Нысанғалиұлын құрметті марапаттаумен құттықтаймыз және денсаулық, жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!

 

 

 

02.09.2016  «ҚМГИ» АҚ-да Қазақстан Республикасының мұнай және газ кешенінің қызметкерлері күніне арналған, Астана, Алматы Атырау қалаларындағы компанияның бөлімшелері арасында видео конференция өткізілді.

Іс-шара барысында Институттың басқарушы қызметкерлері  Искалиев М.С., Куангалиев М.А., Ушакова В.Н., Еспаев А.М., Камалова Г.Х., Нысангалиев А.Н., Тукаев А.К., Бекжуманова С.Е алғы және құттықтау сөздерімен шықты.

«KAZENERGY» Қауымдастығының және «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның алғыс хаттарымен, марапаттау қағаздарымен, медальдарымен салтанатты түрде компанияның 38 қызметкеріне марапаттау рәсімі өтті.

Өзінің құттықтау сөзінде «ҚМГИ» АҚ-ның Бас директоры Ф.Т. Сериков әлемдік және отандық экономикада мұнай және газдың маңыздылығын айтып өтті. Келешекте шаралар мен мақсаттарды жүзеге асыратын Институттың саладағы рөліне назар аударылды.

 

15.06.2016 Астанада «Орталық Азиядағы мұнай өңдеу және мұнай химиясы» атты халықаралық конференциясы өтті және ұйымдастырушылардың бірі «ҚМГИ» АҚ болды.

Форум жұмысында әлемнің әр түрлі елдерінен келген 200 астам өкілдері қатысты. Конференция аясында: «Жаңа реалиялар: мұнай өңдеу және мұнай химиясын дамытудың стратегиясы»; «Аймақта саланың тәуелсіздігі мен нақты дамуын қамтамасыз ету»; «Жобаларды басқарудың ең үздік тәжірибелері»; «Ең жоғарғы тиімді технологияларды енгізу» және тағы да басқа сессиялар өткізілді.

ҚМГИ-ның Бас директоры Ф.Т.Сериков «Нарықтың ағымдағы жағдаяты кезінде саланың әрі қарай дамуының болжамдары» атты интерактивтік пікірсайыс өткізді.

ҚМГИ-ның Бас директордың орынбасары А.К.Тукаев «Қазақстанның Мұнай саласы: жаңа шынайылықтағы дамуы» атты баяндамамен шықты.

Конференцияның жұмыс барысында «ҚМГИ» АҚ мен «Huawei» компаниясы арасында ынтыматастық туралы меморандумға қол қойылды.

 

15.12.2015. «Қазақ Мұнай және Газ Институты» АҚ-ның ұжымы еншілес компанияның басшысы және «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ-ның Бас директоры Қуанғалиев Мұрзабек Ахметұлын «Құрмет» орденімен марапатталуымен құттықтайды.

Бас компанияның өткен салтанатты жиналысында, «ҚМГИ» АҚ-ның Басқарма төрағасы Серіков  Ф.Т.  Қуанғалиев Мұрзабек Ахметұлының тәжірибесі мен беделін және басқарып отырған институтының жоғары маңыздылығын атап өтті.

Бұл соңғы бес жылда «ҚМГИ» АҚ қызметкерлер тобының үшінші жоғары мемлекеттік сыйлығы екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар,  жақында Қазақстанның көрнекті ғалымдар тобы «ҚМГИ» АҚ-да «Қазақстан Республикасының көмірсутектің әлеуеті ғылыми негіздеуі» тақырыбына өткізілген жұмыстары үшін Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласында 2015 жылдың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.

Ширек ғасырдан астам мекеме жүйесінде жұмыс жасап келе жатқан Мұрзабек Ақметұлына зор денсаулық пен амандық, және «ҚМГИ» АҚ қызметі мен Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа шығармашылық жетістіктерге жетуіне тілектеспіз.

20.09.2016 «ҚМГИ» АҚ-ның БИЖ халықаралық стандарттар сәйкестігіне расталды.

 

2016 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 19 қыркүйекке дейінгі кезеңде «ҚМГИ» АҚ-да, үш халықаралық стандарттар  ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001В бойынша Басқарудың интеграциялық жүйесінің инспекциялық аудиті өткізілді.

Аудитті DEKRA сәйкестігіне растау жөніндегі органның сарапшы-аудиторлары - Воробцова В. және Рыжков А. өткізді.

Аудит Алматы (2016 жылдың 14 қыркүйегінен бастап 19 қыркүйекке дейін) және Астана қалаларының (19.09.2016 ж.) кеңселерінде өткізілді.

Әрекеттегі Басқару жүйесін аудиторлар жоғары бағалады және халықаралық стандарттар сәйкестігіне расталды.

Copyright © 2015 JSC "Kazakh Institute of Oil and Gas"