English (United States) Русский (Россия) Қазақ (Қазақстан)

Басқарма

Басқарма мүшелері:

Серіков Фуад Төлеушұлы – «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ың Бас директорының орынбасары.

1969 жылы 12 мамырда Гурьев (бүгінде Атырау) қаласында тұган. 1997 ж. – Атырау мұнай және газ институтын инженер химик-технолог мамандығы бойынша бітірген. Техника ғылымдарының докторы. Профессор, ҚР ҰИА-ның корреспондент мүшесі. 1996 ж. – «Жер қойнаулары» ғылыми-инженерлік орталағының ғылыми қызметкері. 1999 ж. - Атырау мұнай және газ институтының мұнай және газды қайта өндеу зертханасының аға ғылыми қызметкері. 2001 ж. – ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің газ өнеркәсібі департаментінің бас маманы. 2002 ж. – ҚР премьер-министрі кеңсесінің өндірістік сала мен инфрақұрылым бөлімінің мұнайгаз жөніндегі кеңесшісі. 2003 ж. - «ҚазМунайГаз ҰК» ЖАҚ-ың денсаулық, еңбек және қоршаған ортаны қорғау департаменті директорының орынбасары. 2004 ж. – ҚазҒЗГБИ-нің директоры. 2007 ж. – «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ың Бас директорының орынбасары. 2008 – 2009 жж. – ҚазҒЗГБИ-нің директоры. 2009 жылдан - «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ың Бас директорының орынбасары. Мұнай және газ экологиясы, технологиясы, қайта өңдеу тасымалдау саласында 120-дан астам ғылыми жұмыстардың, оның ішінде 9 монографияның авторы.



Қожабеков Дастан Байұзақұлы – «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ың Бас директорының орынбасары.


1966 ж. 15 шілдеде Алматы қаласында туған. 1991 ж. Алматы архитектура және құрылыс институттың өндірістік және азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. Іскерлік Әкімшілік Магисторы, Массачусетс технология интститы, Альфред Слоун атындағы менеджмент мектебі, Бостон, АҚШ. 1992 ж. - ҚР ғылыми-техникалық даму қорының, коммерциялық бөлім бастығының орынбасары. 1993 ж. «Ататек» ЖШС-нің директоры. 1994 ж. - «Әлем Капитал» ЖШС-нің директоры. 1995 ж. – ЖШС «Тамос Эдьюкейшн» компания тобының Директорлар Советінің мүшесі, тең құрылтайшысы. 1997 ж. - «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ың шығыс филиалы директорының орынбасары. 1998 ж. – «Қазақойл» ҰМК-ның әкімшілік басқармасының басшысы. 1999 ж. – «Қазақойл» ЖАҚ-ың кадрлар саясатының басшысы. 2001 ж. - «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ың ғылыми-техникалық орталығының директоры. 2003 ж. – «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ың вице-президенті. 2006 ж. - «КazPetroMac» ЖШС-ің бас директоры. 2008 ж. - «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ың Бас директорының орынбасары. «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.