English (United States) Русский (Россия) Қазақ (Қазақстан)
Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауында іргесі қаланған Атырау мұнай өңдеу зауыты еліміздің негізгі мұнай кенорындары ортасында  орналасқан бірден бір мұнай өңдеу зауыты.

Теңіз кенорыны – аумағы 565 шаршы километр болатын әлемдегі аса ірі мұнай газ кәсіпшілік кенорнының бірі. Теңіз кено рынында қабаттарында  қысымы Америка мұнай институтының шкаласы бойынша, 46 градусқа тең келетін мұнай бар. Ол қайта өңдеу кезінде сапасы жоғары құнды жеңіл мұнай өнімдерін оның ішінде бензин мен керосин алуға мүмкіндік береді.

Көп қабатты мұнайгаз Қаламқас кенорыны Батыс Қазақстандағы Бозшы түбегінде орналасқан. Бұл кенорын осы аймақтағы ең ірі кеніш және одан  кен алынғалы 25 жылдан асты.

2-шi 1i бетБірінші   Алдынғы   [1]  2  Келесі   Сонғы